Бәйдібек аудандық мәслихатының 21 желтоқсан 2009 жылғы N 26/143 "Шаян ауылының және аудан көлеміндегі елді мекендердің жер учаскелерін жеке меншікке сататын мемлекет немесе мемлекеттік жер пайдаланушылар жалға берген кезде жер пайдалануға құқық беретін аймақтық белдеуімен бағалық құнын түзету коэффициенттерін белгілеу туралы" шешіміне толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек аудандық мәслихатының 2010 жылғы 2 қарашадағы N 38/214 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2010 жылғы 24 қарашада N 14-5-102 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек аудандық мәслихатының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 6/31 Шешімімен

      Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек аудандық мәслихатының 2012.08.24 № 6/31 Шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 11 бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 2 қыркүйектегі "Жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде, мемлекет немесе мемлекеттік жер пайдаланушылар жалға берген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкаларын, сондай-ақ жер учаскелерін жалдау құқығын сату төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" № 890 қаулысына Бәйдібек аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. "Шаян ауылының және аудан көлеміндегі елді мекендердің жер учаскелерін жеке меншікке сататын мемлекет немесе мемлекеттік жер пайдаланушылар жалға берген кезде жер пайдалануға құқық беретін аймақтық белдеуімен бағалық құнын түзету коэффициенттерін белгілеу туралы" Бәйдібек аудандық мәслихатының 21 желтоқсан 2009 жылғы № 26/143 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14-5-88 тіркелген, 5 ақпан 2010 жылғы «Шаян» газетінің № 7-8 санында жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      аталған шешімнің 1 тармағы келесі мазмұндағы 4 тармақшамен толықтырылсын:
      «4) 4-ші аймаққа Шаян өзенінің солтүстік шығысымен Шаян-Екпінді автожолының бойымен екі шақырымнан кейін өзенге тіке түсетін дала жолымен өзенге дейінгі аралығы қосыла отырып түзету коэффициенті 1,0 болып белгіленсін».      
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы:                           Б.Омарбеков

      Мәслихат хатшысы:                          С.Спабеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады