Шаян ауылының және аудан көлеміндегі елді мекендердің жер учаскелерін жеке меншікке сататын мемлекет немесе мемлекеттік жер пайдаланушылар жалға берген кезде жер пайдалануға құқық беретін аймақтық белдеуімен бағалық құнын түзету коэффициенттерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек аудандық мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы N 26/143 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 19 қаңтарда N 14-5-88 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданы мәслихатының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 6/31 Шешімімен

       Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек  ауданы мәслихатының 2012.08.24 № 6/31 Шешімімен.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 желтоқсандағы Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 20 маусым 2003 жылғы № 442-ІІ «Жер Кодексіне» және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 2 қыркүйектегі «Жер телімдері жеке меншікке берілген кезде мемлекет немесе мемлекеттік жер пайдаланушыларға жалға берген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкаларын, сондай-ақ жер телімдерін жалдау құқығын сату төлем ақысының мөлшерін бекіту туралы» № 890 қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Шаян ауылының және аудан көлеміндегі елді мекендердің жер учаскелерін жеке меншікке сататын мемлекет немесе мемлекеттік жер пайдаланушылар жалға берген кезде жер пайдалануға құқық беретін аймақтық белдеуімен бағалық құнын түзету коэффициенттері төмендегідей үш аймаққа бөлініп:
      1) 1-ші аймаққа Б.Қарашаұлы, С.Қадырбаев, М.Әуезов және М.Маметова көшелерінің ішкі жақтарын кіргізе отырып түзету коэффициенті 1,5 болып;
      2) 2-ші аймаққа Е.Шөкеев, С.Қадырбаев, және М.Әуезов көшелерінің ішкі жағын ала отырып М.Маметова, Б.Қарашаұлы, С.Қадырбаев көшелерінің төменгі жағымен Шаян өзенінің бойына дейінгі аралықты ала отырып, Халыққа қызмет көрсету орталығы, Автобаза, ДЭУ мекемелерінің сыртқы шекараларының бойымен Е.Шөкеев көшесінің бас жағына қосылған аймақтың түзету коэффициенті 1,3 болып;
      3) 3-ші аймаққа Е.Шөкеев көшесінің сыртымен айналма сыртқы жолдың ішкі жағын ала отырып Жамбыл ауылына шыға беріс жолға дейін және отын базасының сыртқы жағы мен Күлтөбе аумағын қоса отырып толық өзенге дейін қамтып, С.Қадырбаев көшесінің батыс жақ бетімен Е.Шөкеев көшесіне қосылғанға дейінгі аралықтардың түзету коэффициенті 1,0 болып бекітілсін;
      4) 4-ші аймаққа Шаян өзенінің солтүстік шығысымен Шаян-Екпінді автожолының бойымен екі шақырымнан кейін өзенге тіке түсетін дала жолымен өзенге дейінгі аралығы қосыла отырып түзету коэффициенті 1,0 болып белгіленсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек аудандық мәслихатының 2010.11.02 N 38/214 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімімен.
      2. Аудан көлеміндегі ауылдық округтері елді-мекендері орталығының түзету коэффициенті қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      3. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.      

      Сессия төрағасы:                           Қ.Назаров

      Мәслихат хатшысының
      міндетін уақытша атқарушы:                 С.Спабеков

      Бәйдібек аудандық мәслихатының
      21 желтоқсан 2009 жылғы
      № 26/143 шешіміне қосымша

      Аудан көлеміндегі елді-мекендердің жерінен жеке азаматтарға, мемлекеттік емес заңды ұйымдарға жеке меншікке сататын немесе тұрақты пайдалануға беретін жер телімдерінің бағалық құнының түзету коэффиценттері

к/с Ауылдық округі Елді-мекен атауы Елді-мекендердің дәрежесі Түзету коэффициенттері
1 2 3 4 5

1

Ағыбет

1.Ағыбет

Орталық

1,0



2.Алғабас

Бөлімше

0,5



3.Жұлдыз

Бөлімше

0,5



4.Жаңа талап

Бөлімше

0,5

2

Алғабас

1.Шақпақ

Орталық

1,0



2.Қазата

Бөлімше

0,5



3.Таңатар

Бөлімше

0,5



4.Үсіктас

Бөлімше

0,5

3

Ақбастау

1.Ақбастау

Орталық

1,0



2.Кеңес

Бөлімше

0,5



3.Жолғабас

Бөлімше

0,5



4.Тұрақты

Бөлімше

0,5

4

Алмалы

1.Жарықбас

Орталық

1,0



2.Бәйдібек ата

Бөлімше

0,5



3.Алмалы

Бөлімше

0,5



4.Байжансай

Бөлімше

0,5

5

Боралдай

1.Боралдай

Орталық

1,0



2.Жыланды

Бөлімше

0,5



3.Түйетас

Бөлімше

0,5



4.Амансай

Бөлімше

0,5



5.Талап

Бөлімше

0,5



6.Жоғ.Боралдай

Бөлімше

0,5



7.О.Тайманов

Бөлімше

0,5



8.Теректі

Бөлімше

0,5



9.Ақжар

Бөлімше

0,5



10.Қаратас

Бөлімше

0,5



11.Сарыбұлақ

Бөлімше

0,5

6

Борлысай

1.Ақтас

Орталық

1,0



2.Қошқарата

Бөлімше

0,5



3.Кеңсай

Бөлімше

0,5



4.Шұқыршақ

Бөлімше

0,5

7

Бөген

1.Шалдар

Орталық

1,0



2.Сарқырама

Бөлімше

0,5



3.Екпінді

Бөлімше

0,5



4.Жиенқұм

Бөлімше

0,5

8

Жамбыл

1.Жамбыл

Орталық

1,0



2.Тасқұдық

Бөлімше

0,5



3.Жүзімдік

Бөлімше

0,5



4.Шыбыт

Бөлімше

0,5

9

Көктерек

1.Кеңес төбе

Орталық

1,0



2.Бірлік

Бөлімше

0,5



3.Ынтымақ

Бөлімше

0,5

10

Мыңбұлақ

1.Мыңбұлақ

Орталық

1,0



2.Ақбұлақ

Бөлімше

0,5



3.Бестоғай

Бөлімше

0,5



4.Қайнарбұлақ

Бөлімше

0,5



5.Мәдениет

Бөлімше

0,5



6.Қосбұлақ

Бөлімше

0,5

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады