Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 1-тармағына, 8 желтоқсан 1993 жылғы № 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармақшасына және ауыл тұрғындарымен ономастика комиссиясының хаттамасына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. ОҚО Бәйдібек ауданы Жыланды елді мекеніндегі орталық көшеге Кенжебаев Оңғардың есімі берілсін.
2. Осы шешім аумақтық әділет органдарынан мемлекеттік тіркеуден өтіп ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау ауыл әкімінің орынбасары Ш.Ешмұратовқа жүктелсін.
Боралдай ауыл округі әкімі М.Қаратаев