2010 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 11 қаңтардағы N 1 Қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 26 қаңтарда N 14-6-89 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 20 мамырдағы N 683 хатымен

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2011.05.20 N 683 хатымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7, 20-баптарына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру Ережеcіне сәйкес және жұмыспен қамту саласындағы әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар қабылдау үшін Қазығұрт ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған 2010 жылы жүргізілетін қоғамдық жұмыстар түрлері мен ұйымдардың тізбесі, жұмыс көлемі, қатысушылардың еңбек ақысының мөлшері және оларды қаржыландыру көздері бекітілсін.
      2. Ақылы қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру 2010 жылға арналған аудандық бюджеттен бөлінетін қаражаттар шегінде жүргізілcін.
      3. Ақылы қоғамдық жұмыстарды жүргізу үшін "Қазығұрт аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (К.Шаймерден) бекітілген тізбеге сәйкес жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберуді тіркелген күніне кезектілік тәртібімен еңбек шарты негізінде жүзеге асырсын.
      4. Жұмыс берушi мен қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыз арасында еңбек заңнамасына сәйкес жеке еңбек шарты жасалады.
      Нысаналы топтарға кіретін жұмыссыздардың қоғамдық жұмыстарға басым тәртіппен қатысу құқығы бар.
      Жұмыссыздардың еңбек ақысы аудандық бюджеттің қаржысы есебінен Қазақстан Республикасының Бюджет заңнамасында ағымдағы жылы белгіленген жалақының ең төменгі мөлшерінен кем емес төленеді.
      Жұмыссыздарды қоғамдық жұмысқа қатыстыратын жұмыс берушілердің қаражатынан олардың өтінімдері бойынша қаржыландырылуы мүмкін.
      5. Қоғамдық жұмыстарға қатысуды дәлелсіз себептермен өз бетінше тоқтатқан адамдар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде қайтадан өтініш беріп тіркелген күннен бастап үш ай өткеннен кейін ғана қоғамдық жұмыстарға жіберіледі.
      Ақылы қоғамдық жұмыстарға қатысатын тұлғаларға Қазақстан Республикасының еңбек, зейнетақымен қамсыздандыру және сақтандыру туралы заңнамалық кесімдері қолданылады.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Г.Тағаеваға жүктелсін.
      7. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Т.С.Алиев

Қазығұрт ауданы әкімдігінің
2010 жылғы 11 қаңтардағы
№ 1 қаулысымен бекітілген

      2010 жылы жүргізілетін қоғамдық жұмыстар түрлері мен
ұйымдардың тізбесі      

№ р/с

Жұмыс берушінің атауы

Ақылы жұмыстардың түрлері

Еңбек ақының мөлшері

Жұмыспен қамтылғандардың саны, адам

Қаржыландыру көздері

1.

Ауыл округтері әкімдерінің аппараттары мемлекеттік мекемелері

Аймақтық қоғамдық жұмыстарға жәрдем көрсету, «еңбек рыногі», «заңгер», «жұмыссыздардың жұмыс іздеу клубы» пилоттық жобалары бойынша жұмыстар.

Ең төмен жалақыдан кем емес


 
 
 
 

55

Аудандық бюджет

2

Ауыл округтері әкімдерінің аппараттары мемлекеттік мекемелері,
«Қазығұрт аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

Жолдар құрылысы және оларды ағымдағы жөндеуден өткізу, аймақтық қоғамдық жұмыстарға жәрдем көрсету. Көркейту, көгалдандыру.

Ең төмен жалақыдан кем емес


 
 
 

35

Аудандық бюджет

3

«Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» мемлекеттік мекемесі Өгем филиалы,
"Жасыл желек" мемлекеттік мекемесі, ауыл округтері әкімдерінің аппараттары мемлекеттік мекемелері

Көгалдандыру, ағаштар отырғызу.

Ең төмен жалақыдан кем емес


 
 
 

20

Аудандық бюджет

4

Ауыл округтері әкімдерінің аппараттары мемлекеттік мекемелері «Қазығұрт ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі, «Қазығұрт аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Берілген өтінімдеріне сәйкес аудандық қорғаныс істері жөніндегі және ішкі істер бөлімдерінің жұмыстарына қатысу /келісімдері бойынша/.

Ең төмен жалақыдан кем емес


 
 
 

40

Аудандық бюджет

5

Ауыл округтері әкімдерінің аппараттары мемлекеттік мекемелері, «Қазығұрт аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі, «Қазығұрт аудандық мәдениет сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны, «Қазығұрт аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» мемлекеттік мекемесі

әлеуметтік, мәдени маңызы бар объектілерді салуға және ағымдағы жөндеуге, көркейтуге қатысу, аймақтық қоғамдық жұмыстарға жәрдем көрсету.

Ең төмен жалақыдан кем емес


20

Аудандық бюджет

6

Ауыл округтері әкімдерінің аппараттары мемлекеттік мекемелері

Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық ұйымдарына көмек көрсету, Аймақтық экологиялық сауықтыру, көріктендіру, көгалдандыру.

Ең төмен жалақыдан кем емес


 
 
 

65

Аудандық бюджет

7

«Қазығұрт аудандық әділет басқармасы» мемлекеттік мекемесі, Қазығұрт аудандық халыққа қызмет көрсету орталығы, Шу-Талас экология департаменті Оңтүстік Қазақстан облысы филиалы Қазығұрт аудандық бөлімі

Көркейту, көгалдандыру, мекемелердің ағымдағы жөндеу жұмыстарына көмектесу, аймақтық қоғамдық жұмыстарға жәрдем көрсету.

Ең төмен жалақыдан кем емес


 
 
 

20

Аудандық бюджет

8

«Қазығұрт аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны, «Қазығұрт аудандық емханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

Аймақты экологиялық сауықтыру, көріктендіру және көгалдандыру жұмыстары.

Ең төмен жалақыдан кем емес


25

Аудандық бюджет

9

«Қазығұрт аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі, «Қазығұрт аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі, «Қазығұрт аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

Қоғамдық ұйымдармен, қорлардың жұмыстарына көмектесу, аймақтық қоғамдық жұмыстарға жәрдем көрсету.

Ең төмен жалақыдан кем емес


 
 
 

15

Аудандық бюджет

10

«Қазығұрт аудандық білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі, «Қазығұрт аудандық дене тәрбиесі және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Аудандық білім беру ұйымдары, «Қазығұрт аудандық «Жас қанат» спорт мектебі» мемлекеттік мекемесі.

Спорт алаңдарын ретке келтіруге көмектесу, мектептердің ағымдағы жөндеу мен жазғы демалысты ұйымдастыру жұмыстарына жәрдемдесу.

Ең төмен жалақыдан кем емес


 
 
 

50

Аудандық бюджет

11

Ауыл округтеріндегі селолық тұтыну кооперативтері

Елді мекендердегі санитарлық тазалық жұмыстарына жәрдем көрсету.

Ең төмен жалақыдан кем емес


50

Аудандық бюджет

12

«Қазығұрт ауданының мұрағаты» мемлекеттік мекемесі, Қазығұрт аудандық «Қазығұрт тынысы» газеті» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Қазығұрт аудандық бір жолғы талондарды беру орталығы» мемлекеттік мекемесі, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталығы Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазығұрт аудандық филиалы. Ауыл округтері әкімдерінің аппараттары мемлекеттік мекемелері.

Көркейту, көгалдандыру, мекемелердің ағымдағы жөндеу жұмыстарына көмектесу, аймақтық қоғамдық жұмыстарға жәрдем көрсету.

Ең төмен жалақыдан кем емес


 
 
 

40
 

Аудандық бюджет

13

Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының Қазығұрт аудандық бөлімі.

Аймақтық қоғамдық жұмыстарға жәрдем көрсету.

Ең төмен жалақыдан кем емес


15

Аудандық бюджет

14

Қазығұрт ауданы әкімдігінің «Ауыл» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны, «Қазығұрт аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі, «Қазығұрт-қызмет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Көркейту, көгалдандыру, мекемелердің ағымдағы жөндеу жұмыстарына көмектесу, аймақтық қоғамдық жұмыстарға жәрдем көрсету.

Ең төмен жалақыдан кем емес


 
 
 

30

Аудандық бюджет

15

«Қазығұрт-қызмет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Қазығұрт ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Таза су» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

Көркейту, көгалдандыру, экологиялық тазалық, аймақтық қоғамдық жұмыстарға жәрдем көрсету.

Ең төмен жалақыдан кем емес


30

Аудандық бюджет

16

Қазығұрт аудандық жер-кадастры филиалы, «Қазығұрт аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі, «Қазығұрт аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

Аймақтық қоғамдық жұмыстарға жәрдем көрсету, аймақты экологиялық сауықтыру.

Ең төмен жалақыдан кем емес


 
 
 
 

20

Аудандық бюджет

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады