Азаматтарды 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 31 наурыздағы N 115 Қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 15 сәуірде N 14-6-96 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 20 мамырдағы N 683 хатымен

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2011.05.20 N 683 хатымен.

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 19, 20 баптарына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімдегі әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шақыру және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" № 960 Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 30 маусымдағы "Азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткiзу ережесiн бекiту туралы" N 623 Қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шақыруды кейiнге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегiзден жиырма жетi жасқа дейiнгi ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жетi жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтiң белгiленген мерзiмiн өткермеген азаматтар 2010 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiне, басқа да әскерлерi мен әскери құрылымдарына мерзiмдi әскери қызметке шақырылсын.
      2. Әскери қызметке шақыру жұмысын жүргiзу үшiн төмендегi құрамда аудандық шақыру комиссиясы құрылсын:

Тастанов Мақсат Шапатайұлы


Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, комиссия төрағасы /келісім бойынша/

Құрбан Керім Бархыұлы


Аудан әкімі аппараты әкімшілік бөлімінің меңгерушісі, комиссия төрағасының орынбасары

Ибрагимова Мұхаббат Балтабайқызы


Аудандық емхананың тіркеу мейірбикесі, комиссия хатшысы /келісім бойынша/

Жоланов Ибрагим Төртбайұлы


Аудандық ішкі істер бөлімі бастығының қызмет жөніндегі орынбасары, комиссия мүшесі /келісім бойынша/

Қуатов Рустем Тәңірұлы


Аудандық орталық аурухана дәрігері, комиссия мүшесі /келісім бойынша/

      3. "Қазығұрт аудандық емханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына (Д.Алтенов – келiсiм бойынша):
      1) дәрiгерлiк комиссия құрамын қажеттi мамандармен қамтамасыз етiп, комиссия жұмысы бiткенге дейiн дәрiгерлер мен медбикелер негiзгi жұмыс орындарынан босатылсын және жұмыс орны мен лауазымы сақталсын. Әскери дәрiгерлiк комиссияның жұмысы Қазығұрт аудандық қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмiнде өтедi. Жұмыс уақыты күнделiктi сағат 9.00- ден 18,00-ге дейiн. Демалыс күндерi сенбi жексенбi;
      2) әскери дәрiгерлiк комиссияның қажеттi құралдармен, дәрi-дәрмекпен қамтамасыз етiлуiн ұйымдастырсын;
      3) дәрiгерлiк комиссиядан емделуге жолдама алған азаматтарды ауруханада жедел стационарлық тексеруден өткiзу, табылған ауруды емдеп, оларды келесi мерзiмге дайындау жұмыстарын ұйымдастыру;
      4) жастарды диспансерлiк және амбулаториялық картасы бойынша есепте тұратын әскери қызметке жататын жастардың тiзiмiн Қазығұрт аудандық қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмiне тапсыру ұсынылсын.
      4. Қазығұрт аудандық мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi (Р.Айтубай) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiне салтанатты шығарып салу кезiнде мәдени-көпшiлiк iс-шаралар ұйымдастырсын.
      5. Қазығұрт аудандық iшкi саясат бөлiмi (Л.Әбдіқұлова) әскер қатарына шақыру орындарында жастар арасында әскери патриоттық, интернационалдық тәрбие жұмыстарын жүргiзсiн.
      6. Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi "Әскери мiндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңына сәйкес, меншiк нысанасына және бағыныштылығына қарамастан барлық кәсiпорын, мекеме, ұйым және оқу орындары басшыларына кезектi әскери шақырылғандарды iс-сапарынан (демалыстардан) шақырып, олардың шақыру бекетiне дер кезiнде келуiн қамтамасыз ету ұсынылсын.
      7. Ауыл округі әкiмдерi әскери шақырылушылардың уақтылы хабарландырылуын, аудандық жиналу бекетiне уақтылы жиналуы мен жеткiзiлуiн қамтамасыз етсiн. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiне кезектi әскерге шақырылушыларды салтанатты түрде шығарып салу рәсiмiн ұйымдастырсын.
      8. "Абдиернұр" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiне (А.Атымтаев – келiсiм бойынша) Қазығұрт аудандық қорғаныс iстер жөнiндегi бөлiмiнiң сұранысы бойынша шақырылғандарды тасымалдау үшiн жанар-жағармайы дайын және техникалық жағдайы жақсы автокөліктерді бөлу ұсынылсын.
      9. Қазығұрт аудандық ішкi iстер бөлiмi (Н.Дауылбаев – келiсiм бойынша):
      1) аудандық қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмiнiң шақыру қағазына келмей жүрген азаматтарды iздеп тауып, әскери дәрiгерлiк комиссиядан өткiзу жұмыстарын жүргiзу;
      2) облыстық әскери дәрiгерлiк комиссияға бару қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастыру ұсынылсын.
      10. Қазығұрт аудандық экономика және қаржы бөлiмi (А.Раманқұл) аудандық қорғаныс iстер жөнiндегi бөлiмнiң шақыру жұмыстарын сапалы ұйымдастыру үшiн уақтылы қаржыландыруды қамтамасыз етсiн.
      11. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Г.Тағаеваға жүктелсiн.
      12. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Аудан әкімі:                               Т.С.Алиев

      КЕЛIСIЛДI:

      Қазығұрт аудандық қорғаныс iстерi
      жөнiндегi бөлiмнiң бастығы
      _______________________                    М.Ш.Тастанов
      «30» наурыз 2010 ж.

      Қазығұрт аудандық iшкi iстер
      бөлiмнiң бастығы
      _______________________                    Н.Н.Дауылбаев
      «30» наурыз 2010 ж.

      "Абдиернұр" жауапкершiлiгi
      шектеулi серiктестiгiнің директоры
      _______________________                    А.Р.Атымтаев
      «30» наурыз 2010 ж.

      «Қазығұрт аудандық емханасы»
      мемлекеттік коммуналдық қазыналық
      кәсіпорнының бастығы
      _______________________                    Д.С.Алтенов
      «30» наурыз 2010 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады