Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты шешімнің күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт аудандық мәслихатының 2011.05.26 N 102 хатымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" Қаулысының 2 тармағына және аудан әкімінің мәлімдемесіне сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
1. Қазығұрт ауданына 2010 жылы жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына, төмендегі көрсетілген мамандардың қажеттілігін ескере отырып, бір маманға жетпіс есептік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақысы және тұрғын үй сатып алу үшін алты жүз отыз есептік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит ұсынылсын.
Жалпы 52 маман, оның ішінде:
1) білім саласына – 27 маман;
2) денсаулық сақтау саласына – 23 маман;
3) мәдениет саласына – 1 маман;
4) спорт саласына – 1 маман.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт аудандық мәслихатының 2010.11.03 N 37/276-IV(жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы М.Жамалов
Аудандық мәслихат хатшысы А.Омаров