Қазығұрт аудандық мәслихатының 2010 жылғы 18 наурыздағы "Қазығұрт ауданына 2010 жылы жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдауды ұсыну туралы" № 31/232-ІV шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт аудандық мәслихатының 2010 жылғы 3 қарашадағы N 37/276-IV шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 9 желтоқсанда N 14-6-122 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты шешімнің күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт аудандық мәслихатының 2011 жылғы 26 мамырдағы N 102 хатымен

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты шешімнің күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт аудандық мәслихатының 2011.05.26 N 102 хатымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" Қаулысының 2 тармағына және аудан әкімінің мәлімдемесіне сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
      1. "Қазығұрт ауданына 2010 жылы жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдауды ұсыну туралы" Қазығұрт аудандық мәслихатының 2010 жылғы 18 наурыздағы № 31/232-ІV шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-6-97 нөмірімен тіркелген, 2010 жылғы 30 сәуірдегі "Қазығұрт тынысы" газетінің 30-31 нөмірінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      Бірінші тармағының екінші абзацында:
      «11» деген сандар «52» деген сандармен;
      1)-тармақшада:
      «4» деген сан «27» деген сандармен;
      2)-тармақшада:
      «6» деген сан «23» деген сандармен ауыстырылсын.
      Мына мазмұндағы төртінші тармақшамен толықтырылсын:
      4) спорт саласына – 1 маман.      
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы     М.Стамқұлов

      Аудандық мәслихат хатшысы                  А.Омаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады