Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт аудандық мәслихатының 2012.12.20 № 12/89-V Шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Заңының 36-бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
1. "Қазығұрт ауданының базарларында және дүркін-дүркін сипаттағы кәсіпкерлік қызметінің жекеленген түрлеріне біржолғы талондар құнын белгілеу туралы" Қазығұрт аудандық мәслихатының 2009 жылғы 3 сәуірдегі № 18/138-ІV шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-6-73 нөмірімен тіркелген, 2009 жылғы 22 мамырында "Қазығұрт тынысы" газетінің 36-37 нөмірінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
1-тармақтағы "Қазығұрт ауданының базарларында" деген сөздерден кейін "базар аумағындағы дүңгіршектерге, стационарлық үй-жайлардағы (оқшауланған блоктардағы) сауданы қоспағанда" деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақтағы "жеке тұлғалар үшін" деген сөздерден кейін "(стационарлық үй-жайда жүзеге асырылатын қызметтерді қоспағанда)" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы М.Жамалов
Аудандық мәслихат хатшысы А.Омаров