Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2010.08.10 N 368 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10 бабына сәйкес және Қазығұрт ауданы бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының 2010 жылғы 14 мамырдағы N 2-8/251 санды ұсыныс хаты негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шарапхана ауыл округі, Талдыбұлақ елді мекенінің тұрғыны Әбдуәлі Өміровтың үй ауласы құтыру ауруының ошағы болып анықталуына байланысты Шарапхана ауыл округі, Талдыбұлақ елді мекеніне құтыру ауруына қауіпті аумақ ретінде карантин режимі және шектеу іс-шаралары енгізіліп, карантин аймағының ветеринариялық режимі белгіленсін.
2. Қазығұрт аудандық аумақтық инспекциясы (Д.Абдрасилов-келісімі бойынша) шектеу іс-шаралары енгізілген аумақта ветеринарлық-санитарлық талаптардың орындалуын қатаң бақылауға алу ұсынылсын.
3. Қазығұрт аудандық ветеринария бөлімі (О.Көкеев) және Шарапхана ауыл округінің әкімі (Ә.Жаншуақов) шектеу қойылған аумақта қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау, жою залалсыздандыру жұмыстарын ұйымдастыру және шектеу белгіленгендігі жөнінде ауыл тұрғындарына хабарлау тапсырылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Момыновқа жүктелсін.
5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі: Т.С.Алиев
КЕЛІСІЛДІ
Қазығұрт аудандық аумақтық
инспекциясының бастығы Д.А.Абдрасилов