Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2012.08.27 № 399 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5-5) және 5-6) тармақшаларына сәйкес, жұмысқа орналасуда қиындық көрiп жүрген бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және интернаттық ұйымдарды бiтiрушi кәмелетке толмағандарды әлеуметтiк қорғау мақсатында, аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазығұрт ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бiтiрушi кәмелетке толмағандар үшiн жұмыс орындарына квота, жұмыс орындарының жалпы санының бiр пайызы мөлшерiнде белгiленсiн.
2. Қазығұрт аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (А.Өсербаев) осы қаулының 1-тармағына сәйкес бос жұмыс орындарына бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтар және интернаттық ұйымдарды бiтiрушi кәмелетке толмағандарды жолдамамен жіберуді жүзеге асырсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Г.Тағаеваға жүктелсiн.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Т.С.Алиев