Ауыл округінің құрамдас бөліктеріне атау беру туралы

Жаңа

Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкімдігі Алтынтөбе ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 2 маусымдағы N 31 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 3 шілдеде N 14-6-108 тіркелді

      Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабының 4-тармақшасына сәйкес және тиісті аумақ тұрғындарының пікірін ескере отырып, ШЕШЕМІН:
      1. Алтынтөбе ауыл округіне қарасты:
      1) Алтынтөбе елді мекеніндегі атауы жоқ көшелерге Тұрды Маханбетов, Көпбосын Стамов, Имаш Асқаров, Жаппар Керімқұлов атаулары;
      2) Аққұм елді мекеніндегі атауы жоқ көшеге Жақсығұлмерген атауы;
      3) Қаржан елді мекеніндегі атауы жоқ көшелерге Ахмет Қосанбаев, Татай Қожамжаров, Қамай Мырзабеков, Қасымбек Кішкентаев, Өскенбай Тілеубаев, Тәжі Ныспанбетов, Тортай Рахимов, Құрбан Майлиев, Салдарбек Дүйсебеков, Самал, Жолдас Жұматаев, Әлімбай Мелдешов, Әбдәлі Дүйсебаев, Анарбай Әлдебаев, Пәзіл Атамбеков, Ештай Елеусізов, Исақұл Шарипов, Қалдыбай Мамбетов, Келес, Мырзахмет Құлекеев, Тұрсынқұл Салыбаев, Паразбек Байдеуов, Смайыл Жайлаубаев атаулары;
      4) Қосағаш елді мекеніндегі атауы жоқ көшелерге Әлжан Сәпиев, Ергеш Қарақұлов, Жастар атаулары берілсін.
      2. Шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.      

      Ауыл округі әкімінің міндетін
      уақытша атқарушы                           Н.Турдиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады