Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасы әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабының 4-тармақшасына сәйкес және ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып ШЕШЕМІН:
1. Жігірген ауыл округіне қарасты:
1) Жігерген ауылындағы атауы жоқ көшелерге Шыршықбаев Әбдірахман, Мырзабеков Тәжібай, Есжанов Ерген, Ұйымшыл атаулары;
2) Айнатас ауылындағы атауы жоқ көшелерге Дүйсенбеков Жылкелді, Айнатас, Татулық, Жастар атаулары;
3) Тесік төбе ауылындағы атауы жоқ көшелерге Шақпақ, Ташқұл болыс, Жамашев Қазыбай, Қанатбаев Акрам атаулары;
4) Қызыл бұлақ ауылындағы атауы жоқ көшелерге Мошқал баба, Ұя су атаулары берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауыл округі әкімі Б.Жүнісов