Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармақшасына сәйкес және Қызылқия ауылы округі аумағы халқының пікірін ескере келе, ШЕШЕМІН:
1. Қызылқия ауылы округіне қарасты:
1) Қызылқия елді мекеніндегі атауы жоқ көшеге Н.Тоқтамысов аты;
2) Ынталы елді мекеніндегі атауы жоқ көшелерге Қ.Қанходжаев, Б.Дүйсенов, Ж.Маликов, Ә.Иманбердиев, Т.Жаңабаев, С.Серкебаев, Ж.Тұрсынқұлов аттары;
3) Айнатас елді мекеніндегі атауы жоқ көшелерге Ынтымақ, С.Мамбеталиев, Қ.Сақбаев, Қ.Керімқұлов, Т.Құлтаев, Н.Жүнісәлиев, Т.Сегізбаева, Ө.Даулетов, Келес, Жібек жолы атаулары;
4) Қызылсеңгір елді мекеніндегі атауы жоқ көшелерге Қазыбек би, Н.Машақұлы, А.Ауданұлы, Құрманғазы, Д.Қонаев, Ш.Қалнияз, Т.Құрымбайұлы, И.Тайманұлы аттары берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауыл округі әкімі: О.Туребаев