Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабының 4-тармақшасына сәйкес және Рабат ауыл округі халқының пікірін ескере келе, ШЕШЕМІН:
1. Рабат ауыл округіне қарасты:
1) Рабат ауылындағы атауы жоқ көшелерге С.Шаймерденов, Шәкәрім, М.Мақатаев, Байтерек, Болашақ, Қажымұқан атаулары;
2) Қыдыр Мәмбетұлы ауылындағы атауы жоқ көшелерге Қ.Сатыбалдиев, Т.Байғанаев, Қ.Дәуренов, Ә.Стамқұлов, Жаңа тұрмыс, Ағабек, Ақбастау, Ақмешіт, Қыдыр Мәмбетұлы атаулары;
3) Қызылдала ауылындағы атауы жоқ көшелерге Ж.Балқыбеков, Төлеш ақын, Ж.Молдағалиев атаулары;
4) Амангелді ауылындағы атауы жоқ көшелерге Исатай батыр, Нұр, Мерей атаулары;
5) Атбұлақ ауылындағы атауы жоқ көшелерге Ақжол, Төлеби, Ж. Қаппаров, Ақпан батыр, С.Ибрагимов, Жүнісбек ата, Ақбура, Ащыбұлақ, Бастау, Ортабұлақ, Жарбастау, Табыс атаулары;
6) Еңбекші ауылындағы атауы жоқ көшелерге Үшбастау, Береке, Алаш, Бағаналы атаулары берілсін.
2. Шешімнің орындалуын бақылау ауыл әкімінің орынбасары Қ.Сүлейменге жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауыл округі әкімі О.Қазыбаев