Ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде есепте тұратын жұмыссыздарды 2010 жылы қоғамдық ақылы жұмыстарға жіберу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 12 қаңтардағы N 11 Қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы Әділет басқармасында 2010 жылғы 21 қаңтарда N 14-7-112 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 20 ақпандағы № 708 хатымен

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал аудандық әкімдігінің 2012.02.20 № 708 хатымен.

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 Қаулысын орындау мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2010 жылға жұмысcыздарды қоғамдық ақылы жұмыстарға жіберетін ұйымдардың тізбесі, қоғамдық ақылы жұмыстардың түрлері мен көлемі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Б.Жұрымбетов) бекітілген қосымшаға сәйкес 2010 жылға арналған аудан бюджетінде қоғамдық ақылы жұмыстарға қарастырылған қаражат шегінде жұмыссыздарды қоғамдық ақылы жұмыстарға жіберуді жүзеге асырсын.
      3. Ауданның экономика және қаржы бөлімі (Б. Төребеков) қоғамдық ақылы жұмысқа жіберілген жұмыссыздардың еңбек ақысын төлеуге қажетті қаражаттың уақтылы бөлінуін қамтамасыз етсін.
      4. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздардың еңбекақысы бір айлық жалақының ең төменгі мөлшерінде белгіленсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары И.Туршаевқа жүктелсін.
      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

      Аудан әкімінің міндетін атқарушы:          Ж. Бейсенбаев

Аудан әкімдігінің
2010 жылғы 12 қаңтардағы
№ 11 қаулысымен бекітілген

      2010 жылға ұйымдардың тізбесі,
қоғамдық ақылы жұмыстардың түрлері мен көлемі

Р/с

Ұйымдардың тізбесі

Жұмыстардың түрлері

Жұмыспен қамтылғандардың саны. адам

1

Қала, кент, ауыл әкімдері, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім және мемлекеттік мұражай

Аймақтық қоғамдық жұмыстарды өткізуге көмектесу

80

2

Қала, кент, ауыл әкімдері және мемлекеттік жол жөндеу кәсіпорындары

Жолдар құрылысы және оларды жөндеу

45

3

Қала, кент және ауыл әкімдері

Көгалдандыру ағаш отырғызу

81

4

Қала, кент, ауыл әкімдері, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім және ішкі істер басқармасы мен полиция бөлімдері

Берілген өтінімдеріне сәйкес қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің және ішкі істер басқармасы мен полиция бөлімдерінің жұмысына қатысу

33

5

Қала, кент, ауыл әкімдері және мемлекеттік мұражай

Әлеуметтік, мәдени маңызы бар объектілерді салуға және жөндеуге қатысу

53

6

Қала, кент және ауыл әкімдері

Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық ұйымдарына көмек көрсету

47

7

Қала, кент, ауыл әкімдері және мемлекеттік мұражай

Аумақты экологиялық сауықтыру, көріктендіру

77

8

Қала, кент, ауыл әкімдері, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім, әділет басқармасы және мемлекеттік мұражай

Әлеуметтік маңызы бар және басқа да жұмыстарды ұйымдастыруға көмектесу

112

9

Қала, кент және ауыл әкімдері

«Заңгер» жобасы бойынша

2

10

Қала, кент және ауыл әкімдері

Еңбек рыногының негізгі индикаторларын анықтауға көмектесу

27

11

Қала, кент және ауыл әкімдері

Жұмыссыздардың жұмыс іздеу клубы немесе жұмыссыздарды бейімдеу орталығы жобасы бойынша

3

БАРЛЫҒЫ:

560

      Жұмыссыздардың қоғамдық жұмыстарда орташа жұмыс істеу мерзімі 2 ай. Іс жүзінде сұраныс пен ұсынысқа орай қоғамдық жұмыстардың кейбіріне қатысушылардың саны, қатысудың ұзақтығы, қоғамдық жұмыстардың түрлері және ұйымдардың тізбесі 2010 жылға арналған аудандық бюджетке қоғамдық жұмыстарды өткізуге қарастырылған қаражат шегінде өзгеруі мүмкін.
      Жұмыссыздарды еңбекақысы аудандық бюджеттің қаржысы есебінен бір айлық жалақының ең төменгі мөлшерімен төленеді. Жұмыссыздардың қоғамдық жұмысқа пайдаланатын ұйымдар үстеме ақы белгілеуі мүмкін.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады