Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы әкімдігінің 2011.10.24 N 1962 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 18-1 бабына және және Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2010 жылдың 31 наурыздағы № 259 «Өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясын іске асыру шеңберінде облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер мен нысаналы даму трансферттерін және республикалық ұйымдарға бөлінетін қаражатты пайдалану ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Қағидасы туралы» Мақтаарал ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 30 сәуірдегі № 330 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-7-78 нөмірімен тіркелген, 2009 жылғы 22 мамырда «Мақтаарал» газетінің 21 нөмірінде жарияланған) қаулысымен бекітілген қағидаға келесі өзгерістер енгізілсін:
5-тармақ мынадай мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
«Шартта тараптардың мiндеттерi, жұмыстың түрлерi, көлемi, еңбекақы төлеу мөлшерi мен шарттары, әлеуметтiк жұмыс орындарын қаржыландырудың мерзiмi мен көздерi қамтылуға тиiс.»;
6-тармақта «қарастыруы тиіс» деген сөздер «қарастырылады» деген сөзбен ауыстырылсын;
4-тарау алынып тасталсын.
2. Қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары И.Тұрашевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Қ. Хаметов