Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Қағидасы туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 30 сәуірдегі N 330 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 19 мамырда N 14-7-78 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 24 қазандағы N 1962 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы әкімдігінің 2011.10.24 N 1962 Қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына және 2001 жылдың 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 18-1 бабының 4 тармағына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса тіркелген әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Қағидасы бекітілсін.
      2. "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Қағидасын бекіту туралы" Мақтаарал аудан әкімдігінің 2006 жылғы 20 наурыздағы N 185 (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-7-26 нөмірімен тіркелген, 2006 жылғы 7 сәуірде "Мақтаарал" газетінде ресми жарияланған) қаулысының күші жойылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ш. Кенжеевке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.      

      Аудан әкімі                                Қ. Хаметов      

      Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Қағидасы

      Жалпы қағидалары

      1. Бұл Қағида Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына сәйкес әзірленген және нысаналы топқа жататын жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын жұмыс берушілердің іріктеу Қағидасын белгілейді.
      2. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) әлеуметтік жұмыс орны – жұмыс беруші нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін жергілікті атқарушы органмен шарттық негізде құратын, жұмыс берушінің олардың еңбегіне ақы төлеу шығындары ішінара өтелетін жұмыс орны;
      2) жұмысқа орналастыру – халықтың еңбекпен қамтылуын қамтамасыз етуге жәрдемдесуге бағытталған ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық іс-шаралар кешені;
      3) нысаналы топтар – жұмысқа орналасуда қиындық көріп жүрген және әлеуметтік қорғауды қажет ететін адамдар ретінде белгіленген адамдар топтары;
      4) жұмыс беруші – қызметкермен еңбек қатынастарында тұратын заңды немесе жеке тұлға;
      5) уәкілетті орган – жергілікті атқарушы органдардың аймақтық деңгейде халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу үшін және жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімше (бұдан әрі - уәкілетті орган).
      3. Жұмыс іздеп жүрген, бірақ жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (әрі қарай – уәкілетті орган) жұмыссыз деп танымаған шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға осы қағида қолданылмайды.
      4. Әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыс істейтіндердің еңбек және басқа қатынастары Қазақстан Республикасының Заңдарымен реттеледі.

2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру.

      1. Жұмыс беруші, нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін уәкілетті органмен шарттық негізде жұмыс орындарының саны шектелмейтін және уақытша сипаттағы әлеуметтік жұмыс орындарын құрады. Оны ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындары мен лауазымдар пайдаланылмайды.
      2. Әлеуметтік жұмыс орындарын құрмақшы болуға тілек білдірген жұмыс беруші, уәкілетті органға құрылатын әлеуметтік жұмыс орындарының саны, еңбекақы мөлшері көрсетілген еркін нысанды өтініш береді және оған мына құжаттарды қоса тапсырады:
      1) кәсіпорынның, мекеменің жарғысының көшірмесі;
      2) кәсіпорынның, мекеменің мемлекеттік тіркеу куәлігінің көшірмесі.
      3. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеп, тізімін жасауды уәкілетті орган төмендегі сипаттар негізінде жүзеге асырады:
      1) қаржы ахуалы;
      2) материалдық базасының барлығы және техникалық жарақтануы.
      4. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын жұмыс берушілердің тізімін уәкілетті орган жасайды және екі жақты "Уәкілетті орган – Жұмыс беруші" келісім шартқа тұрады.
      5. Шартта тараптардың мiндеттерi, жұмыстың түрлерi, көлемi, еңбекақы төлеу мөлшерi мен шарттары, әлеуметтiк жұмыс орындарын қаржыландырудың мерзiмi мен көздерi қамтылуға тиiс.
      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы әкімдігінің 2010.06.21 N 613 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
      6. Әлеуметтік жұмыс орнына орналасқан нысаналы топтардағы жұмыссыздардың жұмыс істеу мерзімі алты айға дейін болуы мүмкін. Еңбек шартының ұзақтығы алты айдан асқан жағдайда, жұмыс беруші бұл қызметкерді тұрақты жұмысқа орналастыру мүмкіншілігін қарастырылады.
      Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы әкімдігінің 2010.06.21 N 613 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

3. Жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орнына жіберу.

      7. Жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жіберуді шарттық негізде, жұмыссыздың келісімі мен уәкілетті орган жүзеге асырады.
      8. Жұмыс беруші жұмыссызды жұмысқа қабылдағаны туралы бұйрықтың көшірмесін үш күн мерзімде уәкілетті органға береді.
      9. Әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздар, өз бетінше себепсізден жұмысты тоқтатқан жағдайда, жұмыссыз ретінде қайтадан тіркелген күннен үш ай өткеннен кейін әлеуметтік жұмыс орнына жаңадан жіберілуі мүмкін.

       4. Ескерту. 4-тарау алынып тасталды - Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы әкімдігінің 2010.06.21 N 613 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.          

5. Есеп берушілік

      16. Жұмыс беруші бос жұмыс орындары (бос қызметтер) пайда болған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде олар туралы уәкілетті органға мәлімет жіберуге міндетті.
      17. Жұмыс беруші уәкілетті орган берген жолдамаға тиісті белгі қою арқылы жұмысқа қабылдау немесе жұмысқа қабылдаудан бас тарту себебін көрсете отырып, ол туралы дер кезінде (уәкілетті орган оған азаматтарды жіберген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде) хабарлауға тиіс (бұйрықтың көшірмесін қоса береді).
      18. Ауданның жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілген жұмыссыздардың жұмыспен қамтылуына тұрақты мониторинг жүргізеді және олардың жұмыспен қамтылуы туралы Оңтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына тоқсан сайын ақпарат береді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады