Аудандағы жекелеген елді мекендердің шекараларын белгілеу туралы

Жаңа

Бірлескен Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал аудандық мәслихатының 2010 жылғы 10 қыркүйектегі N 38-250-IV шешімі және Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 17 қыркүйектегі N 802 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы Әділет басқармасында 2010 жылғы 26 қазанда N 14-7-125 тіркелді

      Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 108-бабы 5 тармағына және "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 3) тармағына сәйкес Мақтаарал аудандық мәслихаты ШЕШТІ және Мақтаарал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
      1. Ауданның жер қатынастары мен сәулет және қала құрылысы бөлімдерінің бірлескен ұсынысына сәйкес:
      4,90 гектар және 3,90 гектар жер учаскелері елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Жамбыл ауылдық округі Жамбыл ауылының шекарасы жалпы ауданы 98,14 гектар болып;
      2,60 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Жолдасбай Ералиев ауылдық округі Жамбыл ауылының шекарасы жалпы ауданы 23,20 гектар болып;
      37,50 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Мақталы ауылдық округі Мұратбаев ауылының шекарасы жалпы ауданы 88,90 гектар болып;
      29,20 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Мақталы ауылдық округі Жібек жолы ауылының шекарасы жалпы ауданы 50,52 гектар болып белгіленсін.
      2. Осы бірлескен шешім және қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы:    О.Шылмұрзаева

      Аудан әкімі:                               С.Тұрбеков

      Аудандық мәслихат хатшысының
      міндетін атқарушы:                         Ә.Асауов 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады