Көше атауларын өзгерту туралы

Жаңа

Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы әкімдігі Жылысу ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 15 желтоқсандағы N 46 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 5 қаңтарда N 14-7-133 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан  Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4)–тармақшасына сәйкес және аумақ халқының пікірін ескере отырып, ШЕШІМ ЕТЕМІН:
      1. Жылысу ауылдық округінің Жылысу ауылындағы:
      - Советская көшесі «Ақ жол көшесі»;
      - Мелиоратор көшесі «Нұрлы таң көшесі»;
      - Алматинская көшесі «Алматы көшесі»;
      - Гоголь көшесі «Ынталы көшесі»;
      - Пушкин көшесі «Үлгілі көшесі»;
      - 50 лет Октября көшесі «Берекелі көшесі» деп атаулары өзгертілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өз құзіретіме қалдырамын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жылысу ауылдық округінің әкімі             А.Ширинбеков 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады