Аудандағы жекелеген елді мекендердің шекараларын белгілеу туралы

Жаңа

Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы аудандық мәслихатының 2010 жылғы 5 қаңтардағы N 25/2 шешімі және 2009 жылғы 28 желтоқсандағы N 582 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 1 ақпанда N 14-8-76 тіркелді

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 108-бабы 5 тармағына және "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 3) тармағына сәйкес Ордабасы аудандық мәслихаты ШЕШТІ және Ордабасы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудандық жер қатынастары мен сәулет және қала құрылысы бөлімдерінің бірлескен ұсынысына сәйкес:
      1) 54,8 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Бадам ауыл округі Ақбұлақ ауылының жалпы ауданы 296,86 гектар;
      2) 29,26 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Бадам ауыл округі Алтынтөбе ауылының жалпы ауданы 101,63 гектар;
      3) 3,65 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Бадам ауыл округі Көкбұлақ ауылының жалпы ауданы 195,14 гектар;
      4) 23,16 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Бөржар ауыл округі Қайнар елді мекенінің жалпы ауданы 297,25 гектар;
      5) 38,33 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Қарақұм ауыл округі Қарақұм ауылының жалпы ауданы 209,09 гектар;
      6) 126,8 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Қажымұқан ауыл округі Темірлан ауылының жалпы ауданы 2941,23 гектар болып белгіленсін.
      2. Осы бірлескен шешім және қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы:    М.Накипов

      Аудан әкімі:                               Ш.Кенжеев

      Аудандық мәслихаттың хатшысы:              Ғ.Аташов
 
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады