Ордабасы ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 18 мамырдағы "Жоғары білім беретін оқу орындардың, колледж және кәсіптік лицейлердің бітірушілеріне жастар тағылымдамасын ұйымдастыру туралы" N 267 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 4 маусымдағы N 281 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 12 шілдеде N 14-8-85 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданы әкімінің 2012 жылғы 6 ақпандағы № 474 хатымен

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданы әкімінің 2012.02.06 № 474 хатымен.

      Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына және Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2010 жылдың 31 наурыздағы "Өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясын іске асыру шеңберінде облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер мен нысаналы даму трансферттерін және республикалық ұйымдарға бөлінетін қаражатты пайдалану ережесін бекіту туралы" № 259 қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Жоғары білім беретін оқу орындардың, колледж және кәсіптік лицейлердің бітірушілеріне жастар тағылымдамасын ұйымдастыру туралы" Ордабасы ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 18 мамырдағы № 267 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде 14-8-69 нөмірмен тіркелген, 2009 жылғы 6 маусымында "Ордабасы оттары" газетінің № 26 (6964) санында жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
      қаулының 7-тармағы мынадай мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
      "Жастар тағылымдамасына қатысушылардың ай сайын нақты жұмыс атқарған уақыты үшін ағымдағы нысаналы трансферттерден аударылатын орташа айлық аударымдар мөлшерін міндетті зейнетақы жарналары мен жеке табыс салығын қоса алғанда, жұмысқа орналасатындардың жоспарлы саны мен қатысу мерзімін ескере отырып, Уәкілетті органмен төленеді".
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Ш.Кенжеев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады