Үгіттік баспа материалдары орналасатын орындарды белгілеу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 8 қыркүйектегі N 410 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 24 қыркүйекте N 14-8-90 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 31 қаңтардағы N 22 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданы әкімдігінің 2011.01.31 N 22 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 28-бабының 6-тармағына және облыстық сайлау комиссиясының 2010 жылдың 25 тамызындағы № 6 шешіміне сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Төлебаевқа жүктелсін.      

      Аудан әкімі                                Ш.Кенжеев    

      КЕЛІСІЛДІ:
      Ордабасы аудандық аумақтық сайлау
      комиссиясының төрағасы                     Жәкей Бостандық Бөпешбайұлы
      08.09.2010 жыл      

      Ордабасы ауданы әкімдігінің
      08 қыркүйек 2010 жылғы
      № 410 қаулысына қосымша

Кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыратын орындар

р/с

Белгіленген орындар

Түрі

1

Бадам ауылы, Б.Момышұлы көшесіндегі Б.Омарованың дүкені

Тақта

2

Темірлан ауылы, Ж.Сүйіндікұлы көшесіндегі дүкен

Тақта

3

Темірлан ауылы, Қажымұқан және Т.Аубакиров көшелерінің қиылысы

Тақта

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады