Қазақстан Республикасының және 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Қараспан ауыл округі әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қараспан ауыл округіне қарасты Төре-арық ауылындағы Комсомол көшесіне Ұлы Отан соғысының ардагері, Асылханов Пайзулланың аты берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын қадағалау Қараспан ауыл округі әкімі аппаратының бас маман іс-басқарушы Т.Медеубековке жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізілсін.
Қараспан ауыл округі әкімі: А.Күдірбекұлы