Көшеге ат қою туралы

Жаңа

Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы әкімдігі Шілік ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 9 тамыздағы N 22 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 10 қыркүйекте N 14-9-126 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4) тармақшасына және ауыл тұрғындарының 2010 жылғы 26 шілдедегі жалпы жиналысының хаттамасы негізінде ШЕШІМ ЕТЕМІН:
      1. Жаңа Шілік ауылының батысындағы аты жоқ төртінші көше Мұхтар Әуезов көшесі деп аталсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын қадағалау ауыл округі әкімі аппаратының бас маман-іс басқарушысы Б.Орынбасаровқа жүктелсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.      

      Ауыл әкімі                                 А.Рустемов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады