Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармақшасына және ауыл тұрғындарының 2010 жылғы сәуір айындағы жалпы жиналысының хаттамасы негізінде ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. Шәуілдір ауылындағы аты жоқ көшеге Еңбек және Ұлы Отан соғысының ардагері, ауыл тұрғыны Рахматулла Нәлібаев атауы берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау ауыл округі әкімінің орынбасары Қ.Ембергенге жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Ауыл округінің әкімі Ә.Төлеген