Көшеге ат қою туралы

Жаңа

Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы әкімдігі Шәуілдір ауылы округі әкімінің 2010 жылғы 22 сәуірдегі N 71 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 21 мамырда N 14-9-110 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармақшасына және ауыл тұрғындарының 2010 жылғы сәуір айындағы жалпы жиналысының хаттамасы негізінде ШЕШІМ ЕТЕМІН:
      1. Шәуілдір ауылындағы аты жоқ көшеге медицина саласының үздігі, осы салада аянбай еңбек еткен, Еңбек ардагері, ауыл тұрғыны Лескен Жүсіпбаев атауы берілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау ауыл округі әкімінің орынбасары Қ.Ембергенге жүктелсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Ауыл округінің әкімі                       Ә.Төлеген 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады