Көшеге ат қою туралы

Жаңа

Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы әкімдігі Шәуілдір ауылы округі әкімінің 2010 жылғы 24 мамырдағы N 85 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 14 маусымда N 14-9-112 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармақшасына және ауыл тұрғындарының 2010 жылғы мамыр айындағы жалпы жиналысының хаттамасы негізінде ШЕШІМ ЕТЕМІН:
      1. Шәуілдір ауылындағы аты жоқ көшеге Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері, Еңбек және Ұлы Отан соғысының ардагері, ауыл тұрғыны Айнабек Диханбаевтың атауы берілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау ауыл округі әкімінің орынбасары Қ.Ембергенге жүктелсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Ауыл округінің әкімі                       Ә.Төлеген 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады