Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 108–бабының 5-тармағына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТІ, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1. Манкент ауыл округі аумағынан жалпы көлемі 202,05 гектар жер телімі алынып, оның ішінде 173,37 гектар жер телімі Манкент ауылының, 28,68 гектар жер телімі Аққала ауылының шегіне енгізілсін.
2. Жалпы көлемі 202,05 гектар жер телімі қосылып, Манкент және Аққала ауылдарының шегі өзгертілсін.
3. Осы бірлескен шешім және қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы А.Хасанов
Аудан әкімі М.Әлі
Аудандық мәслихаттың хатшысы Т.Тулендиев