Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы әкімдігінің 2011.02.07 N 124 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына және Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2010 жылдың 31 наурыздағы № 259 "Өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясын іске асыру шеңберінде облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер мен нысаналы даму трансферттерін және республикалық ұйымдарға бөлінетін қаражатты пайдалану ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Жоғары оқу орындарының, колледж және кәсіптік лицейлердің бітірушілеріне жастар практикасын ұйымдастыру туралы" Сайрам ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 19 мамырдағы № 526 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-10-118 нөмірімен тіркелген, 2009 жылғы 29 мамырында "Мәртөбе" газетінің 21 нөмірінде жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
4-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1 тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) бітірушінің жастар практикасына қабылдау туралы немесе қабылдаудан бас тарту туралы (жолдама тиісті белгі қою арқылы себебін көрсете отырып) оларды уәкілетті орган жіберген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ақпарат береді";
7-тармағы мынадай мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
"Жастар тағылымдамасына қатысушылардың ай сайын нақты жұмыс атқарған уақыты үшін жалақы ағымдағы нысаналы трансферттерден аударылатын орташа айлық аударымдар мөлшерін міндетті зейнетақы жарналары мен жеке табыс салығын қоса алғанда, жұмысқа орналастырылатындардың жоспарлы саны мен қатысу мерзімін ескере отырып, Уәкілетті органмен төленеді.";
8-тармақта "С.Сапарбаевқа" деген сөз "Ш.Халмурадовқа" деген сөзбен өзгертілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ш.Халмурадовқа жүктелсін.
Аудан әкімі У.Қайназаров