Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы әкімдігінің 2011.02.07 N 124 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына, "Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан – жаңару мен дамуға" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 12 наурыздағы N 765 Жарлығына, "Мемлекеттік басшының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңарту мен дамуға" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы N 264 қаулысына, "Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңару және дамуға" атты Қазақстан халқына жасаған Жолдауын (Жол картасын) Оңтүстік Қазақстан облысында жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 11 наурыздағы N 79 қаулысына сәйкес және жұмыспен қамтуда жәрдем көрсету іс-шараларын кеңейту мақсатында, Сайрам ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ауданның кәсіпорындары мен ұйымдарында (әрі қарай – Жұмыс беруші) жоғары оқу орындарының, колледждер мен кәсіптік лицейлердің жұмыспен қамтылмаған түлектеріне (әрі қарай - Бітіруші) алған мамандығы бойынша жастар практикасы ұйымдастырылсын және өткізілсін.
2. Бітірушілер үшін жастар практикасын ұйымдастыру келесі шарттарды ескере отырып өткізіледі:
1) оқу орындарын бітіріп жұмысқа орналаспаған Бітірушінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде (әрі қарай – Уәкілетті орган) жұмыссыз ретінде тіркелуі;
2) бітірушінің алған мамандығы бойынша еңбек өтілінің болмауы.
3. Уәкілетті орган:
1) келешекте одан әрі даму және өндірісін кеңейту перспективасы бар және жастар практикасында әлеуетті жұмыс беруші бола алатын кәсіпорындар мен ұйымдар жайында ақпарат жинау жұмыстарын іске асырады;
2) жұмыс берушінің кадрлық сұраныстары негізінде, жастар практикасында қатысу үшін жұмыссыз Бітірушілер арасында талдау жұмыстарын жүргізеді;
3) жұмыссыз Бітірушіге жастар практикасында қатысу үшін жолдама береді;
4) жұмыссыз Бітірушілерге жастар практикасы аясында жұмыс орындарын беруге ықыласты Жұмыс берушімен келісім-шарт жасайды.
Келісім-шартта Жұмыс беруші мен Уәкілетті органның құқықтары мен жауапкершілігі, жұмысқа қабылданып жатқан жұмыссыз Бітірушілердің саны, жастар практикасы аясында Жұмыс берушінің ұйымдастырған мамандықтарының тізімі ескеріледі. Келісім-шарт кемінде алты ай мерзімге жасалады.
4. Жұмыс беруші:
1) жастар практикасын өту үшін Уәкілетті орган жолдап отырған Бітірушімен Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне сәйкес еңбек шартын жасайды;
1-1) бітірушінің жастар практикасына қабылдау туралы немесе қабылдаудан бас тарту туралы (жолдама тиісті белгі қою арқылы себебін көрсете отырып) оларды уәкілетті орган жіберген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ақпарат береді;
2) жастар практикасында әр бір жұмыс орнында еңбек қауіпсіздік жағдайларын жасалуын қамтамасыз етеді;
3) жастар практикасына қатысушылардың жұмыс уақытына есеп жүргізу тәбілін және актін жүргізіп, әр айдың 25-не дейін Уәкілетті органға өткізеді;
4) жастар практикасына жолданған Бітірушіні практиканың мерзімі біткенше, өз құзырымен тұрақты жұмысқа қабылдап алуға құқығы бар;
5) еңбек шартының мерзімі өткендігі немесе Бітірушіні тұрақты жұмысқа қабылданғандығы жайлы Уәкілетті органды хабардар етеді;
6) еңбек шартының мерзімі өткенінен кейін жұмыссызға жастар практикасына қатысуы туралы пікір (ұсыныс хат) береді.
Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы әкімдігінің 2010.06.07 N 479 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
5. Уәкілетті орган Жұмыс берушімен түзген келісім-шартты, Қазақстан Республикасының Заңнамаларына сәйкес бұзуына құқығы бар.
6. Жастар практикасын өткізу жөніндегі іс-шаралар республикалық бюджет қаржысы есебінен қаржыландырылады.
7. Жастар тағылымдамасына қатысушылардың ай сайын нақты жұмыс атқарған уақыты үшін жалақы ағымдағы нысаналы трансферттерден аударылатын орташа айлық аударымдар мөлшерін міндетті зейнетақы жарналары мен жеке табыс салығын қоса алғанда, жұмысқа орналастырылатындардың жоспарлы саны мен қатысу мерзімін ескере отырып, Уәкілетті органмен төленеді.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы әкімдігінің 2010.06.07 N 479 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
8. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ш.Халмурадовқа жүктелсін.
Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгізілді - Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы әкімдігінің 2010.06.07 N 479 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
9. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі М. Әлі