Мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорындағы үйлерде тұрғын үйді пайдаланғаны үшін ақы төлеудің мөлшерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 15 желтоқсандағы N 1127 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 5 қаңтарда N 14-10-159 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 12 желтоқсандағы № 1515 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы әкімдігінің 2012.12.12 № 1515 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабының 1-тармағына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына сәйкес Сайрам ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Сайрам ауданының мемлекеттiк коммуналдық тұрғын үй қорындағы үйлерде тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн ақы айына тұрғын үйдің пайдалы көлемінің 1 шаршы метріне 50 (елу) теңге мөлшерінде белгіленсін.
      2. «Аудандық коммуналдық тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін ақы төлеудің мөлшері туралы» Сайрам аудандық әкімдігінің 2004 жылғы 29 шілдедегі № 911 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1484 тіркелген, «Мәртөбе» газетының 16 қыркүйек 2004 жылғы № 53 санында жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Сапарбаевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.      

      Аудан әкімі                                У.Қайназаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады