Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы әкімдігі Манкент ауыл округі әкімінің 2010.12.23 N 105 Шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7 тармақшасына сәйкес, ауыл шаруашылық жануарларында құтыру ауруының анықталғандығы фактісі бойынша Сайрам ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының 2010 жылғы 27 қыркүйектегі № 1-14/807 а ұсыныс хаты негізінде, Манкент ауыл округі әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. 2010 жылғы 15 қазаннан бастап Сайрам ауданының Манкент ауыл округі Аққала ауылында құтыру ауруына байланысты карантин режимін және іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимі белгіленсін.
2. Манкент ауыл округі әкімі аппаратының бас маман ветеринариялық инспекторы Т.Султанмуратов Сайрам аудандық ветеринариялық бөлімімен (Е.Оспанов-келісімі бойынша) және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіп кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Сайрам аудандық аумақтық инспекциясымен бірлесе отырып (М.Есболаев-келісімі бойынша) ауыл шаруашылығы малдарына құтыру ауруына қарсы екпе жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз ету ұсынылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау ауыл округі әкімінің орынбасары А.Сайдалиевке жүктелсін.
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Ауыл әкімі Ш.Рахатов
КЕЛІСІЛДІ:
Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігі
Агроөнеркәсіптік кешендегі
мемлекеттік инспекция комитетінің
Сайрам аудандық аумақтық
инспекциясының бастығы М.О.Есболаев
«30» 09 2010 жыл
Сайрам аудандық ветеринариялық
бөлімінің бастығы Е.Ө.Оспанов
«30» 09 2010 жыл