Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Тассай ауыл округіне қарасты Таскен елді мекені тұрғындарының пікірлерін ескере отыра, Тассай ауыл округі әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Тассай ауыл округіне қарасты Таскен ауылындағы атауы жоқ көшеге Абылай ханның есімі берілсін.
2. Тассай ауыл округі әкімі аппаратының бас маман - жер инспекторы К.Темирбеков, көшеге қайта атау беруі бойынша жұмыстардың орындалуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау ауыл округі әкімінің орынбасары М.Туледияровқа жүктелсін.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін, он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тассай ауыл округі әкімі: Танагузов Б.Т.