Сарыағаш қаласындағы атауы жоқ көшелерге және саябақтарға атау беру, көше атауын өзгерту туралы

Жаңа

Бірлескен Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш аудандық мәслихатының 2010 жылғы 14 қыркүйектегі N 40-279-IV шешімі және Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 14 қыркүйектегі N 657 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 4 қазанда N 14-11-146 тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12 бап 5-1 тармақшасына сәйкес Сарыағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Сарыағаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Сарыағаш қаласындағы Жеңістің 40 жылдығы көшесі Қайсарбеков Біләл атауына өзгертілсін.
      2. Атаусыз көшелерге:
      1) Сарыағаш қаласындағы Самал шағын ауданындағы атаусыз көшеге Қапал Құттыбеков;
      2) Сарыағаш қаласындағы Самал шағын ауданындағы атаусыз көшеге Жеңістің 65 жылдығы;
      3) Сарыағаш қаласындағы Самал шағын ауданындағы атаусыз көшеге Сейдуалы Естемісұлы;
      4) Сарыағаш қаласындағы Самал шағын ауданындағы атаусыз көшеге Орын Тұрлыбаев;
      5) Сарыағаш қаласындағы Самал шағын ауданындағы атаусыз көшеге Сансызбай Талипов;
      6) Сарыағаш қаласындағы "Лашын" кафесінің маңындағы атаусыз көшеге Сапарбай Абдиев;
      7) Сарыағаш қаласындағы Абдулла Тоқаев көшесінің күн батыс жағындағы атаусыз көшеге Ахан Шұлғаубаев атаулары берілсін.
      3. Атаусыз саябақтарға:
      1) Төле би алаңындағы саябаққа "Жеңіс" саябағы;
      2) Шораұлы көшесінің бойындағы саябаққа "Орталық" саябағы атауы берілсін.     
      4. Осы бірлескен қаулы және шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізілсін.

      Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы:    Т.Каримов

      Сарыағаш ауданының әкімі:                  М.Мырзабаев

      Аудандық мәслихат хатшысы:                 Б.Каипов 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады