Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бiтiрушi кәмелетке толмағандар үшiн жұмыс орындарына квота белгiлеу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 25 қарашадағы N 925 Қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 13 желтоқсанда N 14-11-157 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 23 ақпандағы № 120 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы әкімдігінің 23.02.2012 № 120 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5-5) және 5-6) тармақшаларына сәйкес, жұмысқа орналасуда қиындық көрiп жүрген бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және интернаттық ұйымдарды бiтiрушi кәмелетке толмағандарды әлеуметтiк қорғау, оларды жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Сарыағаш ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бiтiрушi кәмелетке толмағандар үшiн жұмыс орындарына квота жұмыс орындарының жалпы санының бір пайызы мөлшерiнде белгiленсiн.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары С.Ауесхановқа жүктелсiн.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі:                               М.Мырзабаев  

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады