Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабына және «Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабына сәйкес, Абай ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. Абай ауылындағы Құрылыс мөлтек ауданындағы атауы жоқ көшеге «Нархозиев Мырзахмет» атауы берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау ауыл әкімінің орынбасары Ш.Тұрсынбаевқа жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауыл әкімі: Р. Қармысов