Абай ауылындағы атауы жоқ көшелерге атау беру және көше атауын өзгерту туралы

Жаңа

Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы Абай ауылы әкімінің 2010 жылғы 13 қазандағы N 1300 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 19 қарашада N 14-11-153 тіркелді

      Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабына және «Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабына сәйкес, Абай ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып ШЕШІМ ЕТЕМІН:
      1. Атаусыз көшелерге:
      1) Абай ауылы Автостанция мөлтек ауданындағы атаусыз № 2 көшеге Нұрдәулет Ақышев;
      2) Абай ауылы Автостанция мөлтек ауданындағы атаусыз № 3 көшеге Нұрмаханбет Жұматаев;
      3) Абай ауылындағы орталық стадион маңындағы атаусыз көшеге Рымкүл Табылдиева атаулары берілсін.
      2. Абай ауылындағы Киров көшесі Мырзалы Юсупов атауына өзгертілсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау ауыл әкімінің орынбасары Ш.Тұрсынбаевқа жүктелсін.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.      

      Ауыл әкімі:                                Р.Қармысов 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады