Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына және «Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабына сәйкес, Дарбаза ауылдық округі 51 разъезд ауылының тұрғындарының пікірін ескере отырып ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. Дарбаза ауылдық округі 51 разъезд ауылындағы атауы жоқ көшеге «Жұлдыз» атауы берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды ауылдық округі әкімінің орынбасары Б.Даржановаға жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Дарбаза ауылдық округ әкімі: Е.Алимбаев