Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37-бабына және «Қазақстан Республикасының әкімшілік аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабына сәйкес, Жібек жолы ауылының «Колхоз» көшесінің тұрғындарының пікірін ескере отырып ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. Жібек жолы ауылдық округі Жібек жолы ауылындағы «Колхоз» көшесінің аты «Қалдыбаев Маймақ» атауына өзгертілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау ауылдық округ әкімінің орынбасары А.Сейтжапбаровқа жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округ әкімі: С.Таскулов