Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына және «Қазақстан Республикасының әкімшілік аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабына сәйкес, Қапланбек ауылдық округі Қапланбек елді мекені тұрғындарының пікірін ескере отырып ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. Көше атауларын өзгерту:
1) Қапланбек ауылдық округі Қапланбек елді мекеніндегі «Титов» көшесіне «Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев»;
2) Қапланбек ауылдық округі Қапланбек елді мекеніндегі «Мақта пункт» көшесіне «Әділет»;
3) Қапланбек ауылдық округі Қапланбек елді мекеніндегі «XXVI партсъезд» көшесіне «Әлия Молдағұлова»;
4) Қапланбек ауылдық округі Қапланбек елді мекеніндегі «Тельман» және «Комсомол» көшелері біріктіріліп «Төлеби» атаулары берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округ әкімі: Ғ.Бижанов