«Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабына сәйкес, Қошқарата ауылдық округ тұрғындарының пікірін ескере отырып ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. Көше атауларын өзгерту:
1) Қошқарата ауылдық округі Бесқұбыр ауылындағы «Восточная» көшесі «Сұнқар».
2) Қошқарата ауылдық округі Ұшқын ауылындағы «Центральная» көшесі «Ұшқын».
3) Қошқарата ауылдық округі Бесқұбыр ауылындағы «Комсомол» көшесі «Парасат» атауына өзгертілсін.
2. Атаусыз көшеге:
1) Қошқарата ауылдық округі Жамбыл ауылындағы атауы жоқ көшеге Тұрсынбаев Шәріп атауы берілсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау ауылдық округ әкімінің орынбасары А.Оразбаевқа жүктелсін.
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Ауылдық округ әкімі: Е.Қуанышбаев