Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы әкімдігінің 2011.02.02 N 52 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына және Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2010 жылдың 31 наурыздағы № 259 "Өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясын іске асыру шеңберінде облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер мен нысаналы даму трансферттерін және республикалық ұйымдарға бөлінетін қаражатты пайдалану ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Жоғары білім беретін оқу орындардың, колледж және кәсіптік лицейлердің бітірушілеріне жастар тағылымдамасын ұйымдастыру туралы" Созақ ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 15 мамырдағы № 149 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-12-75 нөмірмен тіркелген, 2009 жылғы 28 мамырда "Молшылық" газетінің 42-43 нөмірлерінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
қаулының 7-тармағы мынадай мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
"Жастар тағылымдамасына қатысушылардың ай сайын нақты жұмыс атқарған уақыты үшін ағымдағы нысаналы трансферттерден аударылатын орташа айлық аударымдар мөлшерін міндетті зейнетақы жарналары мен жеке табыс салығын қоса алғанда, жұмысқа орналастырылатын жоспарлы саны мен қатысу мерзімін ескере отырып, Уәкілетті органмен төленеді".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Исаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі С.Әбдіқұлов