Әбілқайыр Оспановқа көше атын беру туралы

Жаңа

Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы әкімдігі Шолаққорған ауылы әкімінің 2010 жылғы 15 ақпандағы N 22 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 3 наурызда N 14-12-88 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес және ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып 2009 жылғы 22 желтоқсандағы жалпы жиналысының хаттамасы негізінде ШЕШІМ ЕТЕМІН:
      1. Шолаққорған ауылының жаңа атауы жоқ көшесіне ауданға еңбегі сіңген азамат Әбілқайыр Оспановтың аты берілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау іс басқарушы Т.Шайдазимовқа жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.      

      Ауыл әкімі                                 М.Асқаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады