Асанхан Аманжоловқа көше атын беру туралы

Жаңа

Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы әкімдігі Шолаққорған ауылы әкімінің 2010 жылғы 22 желтоқсандағы N 153 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 24 желтоқсанда N 14-12-109 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес және ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып 2010 жылғы 10 желтоқсандағы жалпы жиналысының хаттамасы негізінде ШЕШІМ ЕТЕМІН:
      1. Шолаққорған ауылының жаңа атауы жоқ көшесіне ауданға еңбегі сіңген азамат Асанхан Аманжоловтың аты берілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау бас маман іс басқарушы Т.Шайдазимовқа жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.      

      Ауыл әкімі                                 М.Асқаров 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады