Сыздықбек Тойшыұлына көше атын беру туралы

Жаңа

Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы әкімдігі Таукент поселкесі әкімінің 2010 жылғы 30 наурыздағы N 10 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 30 сәуірде N 14-12-94 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес және поселке тұрғындарының пікірін ескере отырып 2009 жылғы 31 қазандағы жалпы жиналысының хаттамасы негізінде ШЕШІМ ЕТЕМІН:
      1. Таукент поселкелік әкімшілігіне қарасты, Жыныс елді мекенінің жаңа атауы жоқ көшесіне Сыздықбек Тойшыұлының аты берілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өз құзіретіме қалдырамын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

      Поселке әкімі                              Ш.Игіліков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады