Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби аудандық мәслихатының 12.12.2013 № 25/112-V шешімімен.
Қазақстан Республикасы 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 108-бабының 5–тармағына және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12-бабының 3-тармағына сәйкес, Төлеби аудандық мәслихаты ШЕШТІ және Төлеби ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Төлеби аудандық жер қатынастары бөлімі мен сәулет және қала құрылысы бөлімдерінің бірлескен ұсыныстарына сәйкес:
1) 312,17 гектар жер учаскесі елді мекен шегіне енгізіле отырып, Алатау ауыл округі бойынша жалпы ауданы – 3711,94 гектар;
2) 215,0 гектар жер учаскесі елді мекен шегіне енгізіле отырып, Ақжар ауыл округі бойынша жалпы ауданы – 1062,5 гектар;
3) 142,84 гектар жер учаскесі елді мекен шегіне енгізіле отырып, Аққұм ауыл округі бойынша жалпы ауданы – 1688,03 гектар;
4) 382,13 гектар жер учаскесі елді мекен шегіне енгізіле отырып, Бірінші Мамыр ауыл округі бойынша жалпы ауданы – 6407,77 гектар;
5) 107,0 гектар жер учаскесі елді мекен шегіне енгізіле отырып, Зертас ауыл округі бойынша жалпы ауданы – 2063,64 гектар;
6) 244,38 гектар жер учаскесі елді мекен шегіне енгізіле отырып, Қаратөбе ауыл округі бойынша жалпы ауданы – 3725,5 гектар;
7) 173,55 гектар жер учаскесі елді мекен шегіне енгізіле отырып, Қасқасу ауыл округі бойынша жалпы ауданы – 2083,25 гектар;
8) 187,2 гектар жер учаскесі елді мекен шегіне енгізіле отырып, Көксәйек ауыл округі бойынша жалпы ауданы – 1845,17 гектар;
9) 27,2 гектар жер учаскесі елді мекен шегіне енгізіле отырып, Жоғарғы Ақсу ауыл округі бойынша жалпы ауданы – 707,71 гектар;
10) 228,93 гектар жер учаскесі елді мекен шегіне енгізіле отырып, Тасарық ауыл округі бойынша жалпы ауданы – 1193,45 гектар;
11) 136,57 гектар жер учаскесі елді мекен шегіне енгізіле отырып, Қоғалы ауыл округі бойынша жалпы ауданы – 1913,27 гектар;
12) 266,96 гектар жер учаскесі елді мекен шегіне енгізіле отырып, Кемеқалған ауыл округі бойынша жалпы ауданы – 2552,13 гектар;
13) 197,41 гектар жер учаскесі елді мекен шегіне енгізіле отырып, Қазығұрт ауыл округі бойынша жалпы ауданы – 1773,88 гектар;
14) 243,81 гектар жер учаскесі елді мекен шегіне енгізіле отырып, Киелітас ауыл округі бойынша жалпы ауданы – 1409,94 гектар.
Аудан бойынша 2865,16 гектар жер учаскелері елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, жалпы ауданы – 32138,18 гектар.
2. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы Қ. Татыбаев
Аудан әкімі Ә. Тұрғымбеков
Аудандық мәслихат хатшысының
міндетін атқарушы К. Жолымбек