Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы Әділет басқармасының 2011.05.24 N 174/02 хатымен.
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 19, 20, 21, 22, 23 баптарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" N 960 Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы "Азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы" N 623 Қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтардың мерзімді әскери қызметке шақыру және 2010 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында шақырылғандарды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне жіберу өткізілсін.
2. Азаматтардың мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен өткізу үшін мына құрамда аудандық шақыру комиссиясы құрылсын:
Арапбаев Сейіткәрім Сапарбайұлы |
Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша) |
Қалтаев Марат Сейдуалыұлы |
Аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы, комиссия төрағасының орынбасары |
Қожабеков Мәлік Амангелдіұлы |
Аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары, комиссия мүшесі (келісім бойынша) |
Молдахметов Ержан Құттыбекұлы |
Аудандық емхананың дәрігері, дәрігерлік комиссияның төрағасы комиссия мүшесі (келісім бойынша) |
Сагимова Мадина Өмірбайқызы |
Аудандық емхананың медбикесі, комиссия хатшысы (келісім бойынша) |
3. Аудандық емхана мен ауруханаға (келісім бойынша)
1) аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімнің жанындағы шақыру бекетін қажетті дәрі-дәрмектермен, дәрігерлік мүлікпен қамтамасыз ету;
2) білікті дәрігер мамандар, кіші дәрігерлік қызметкерлерді жіберу;
3) шақыру комиссиясының жолдамалары бойынша қосымша тексеруге жіберілген азаматтардың уақтылы дәрігерлік тексеруден өткізуді қамтамасыз ету және осы мақсатта аудандық ауруханада 10 жатақ емдеу орнын қарастыру ұсынылсын.
4. Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту жөніндегі бөлімі (А.Айтбаева) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне салтанатты шығарып салу кезінде мәдени-көпшілік іс-шаралар ұйымдастырсын.
5. Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндет және әскери қызмет туралы" Заңына сәйкес, меншік нысанасына және бағыныштылығына қарамастан барлық кәсіпорын, мекеме, ұйым және оқу орындары басшыларына кезекті әскери шақырылғандарды іс-сапарынан (демалыстардан) шақырып, олардың шақыру бекетіне дер кезінде келуін қамтамасыз ету ұсынылсын.
6. Ауылдық округ және поселке әкімдері әскери шақырылушылардың уақтылы хабарландырылуын, аудандық жиналу бекетіне уақтылы жиналуы мен жеткізілуін қамтамасыз етіп, өз өкілін бөлсін. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне кезекті әскерге шақырылушыларды салтанатты түрде шығарып салу рәсімін ұйымдастырсын.
7. "Т.Рысқұлов автобус паркі" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (Қ.Сексенбаев – келісім бойынша) аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің сұранысы бойынша шақырылғандарды тасымалдау үшін жанар-жағармайы дайын және техникалық жағдайы жақсы автобустарды бөлу ұсынылсын.
8. Аудандық Ішкі істер бөлімі (С.Қасымбеков – келісім бойынша) әскери қызметтен бас тартып жүрген азаматтарға қолданған іс-шаралар жөніндегі мәліметтерді аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөліміне уақтылы өткізу ұсынылсын.
9. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Д.Пралиевке жүктелсін.
10. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Қ.Абдуалиев
КЕЛІСІЛДІ:
Түлкібас аудандық қорғаныс
істер жөніндегі бөлімінің бастығы С.А.Сапарбайұлы
2 сәуір 2010 жыл
Түлкібас аудандық ішкі істер
бөлімінің бастығы С.А. Қасымбеков
2 сәуір 2010 жыл
Түлкібас аудандық аурухананың
бас дәрігерінің м.а. Қ.Қ.Нұрлыбаев
2 сәуір 2010 жыл
"Т.Рысқұлов автобус паркі"
ЖШС-ның директоры Қ.М. Сексенбаев
2 сәуір 2010 жыл
Түлкібас аудандық емхананың
бас дәрігері Н.Ізтілеуов
2 сәуір 2010 жыл