Түлкібас ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 6 қарашадағы "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Қағидасын бекіту туралы" N 481 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 7 маусымдағы N 264 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 9 маусымда N 14-14-111 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 28 қарашадағы № 696 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы әкімдігінің 2011.11.28 № 696 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 18-1 бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 наурыздағы № 259 "Өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясын іске асыру шеңберінде облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер мен нысаналы даму трансферттерін және республикалық ұйымдарға бөлінетін қаражатты пайдалану ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Қағидасын бекіту туралы" Түлкібас ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 6 қарашадағы № 481 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-14-40 нөмірімен тіркелген, 2007 жылғы 30 қарашадағы аудандық "Шамшырақ" қоғамдық-саяси газетінде ресми жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
      6-тармақта "еңбек ақы мөлшері" деген сөздер алынып тасталсын;
      9-тармақ мынадай мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
      "9. Шартта тараптардың міндеттері, жұмыстың түрлері, көлемі, еңбек ақы төлеу мөлшері мен шарттары, әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландырудың мерзімі мен көздері қамтылуға тиіс";
      10-тармақта "қарастыруы тиіс" деген сөздер "қарастырылады" деген сөзбен ауыстырылсын;
      14, 15, 17, 18, 19 тармақтар алынып тасталсын.
      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Қ.Абдуалиев


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады