Көшелердің атын өзгерту туралы

Жаңа

Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы әкімдігі Мичурин ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 24 қыркүйектегі N 45 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 14 қазанда N 14-14-129 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңы 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес және аумақ халқының пікірін ескере отырып ШЕШІМ ЕТЕМІН:
      1. Мичурин ауылдық округіне қарасты:
      1) Майтөбе ауылындағы Восточная көшесінің аты Достар, Заводская көшесінің аты Найзатас, Комсомольская көшесінің аты Келешек, Космодемьянская көшесінің аты Батыр, Ленина көшесінің аты Астана, Мира көшесінің аты Бейбітшілік, Набережная көшесінің аты Ақдала, Новая көшесінің аты Ырыс, Полторацкая көшесінің аты Ізет, Свобода көшесінің аты Азаттық, Студенческая көшесінің аты Жастықшақ, Титова көшесінің аты Заңғар, Чернышевский көшесінің аты Джақаев Ташай, Ветеранов көшесінің аты Тәуелсіздік көшесі;
      2) Көксағыз ауылындағы Докучаева көшесінің аты Қайрат, Мичурин көшесінің аты Жарасым, Темирязева көшесінің аты Бірлік, Шрейдер көшесінің аты Талап, Вильямс көшесінің аты Мереке көшесі;
      3) Таусағыз ауылындағы Набережная көшесінің аты Сағыныш, Почтовая көшесінің аты Ақжол, Садовая көшесінің аты Бәйшешек көшесі;
      4) Қожамберді ауылындағы Казарма көшесінің аты Бастау көшесі деп өзгертілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өз құзыретіме қалдырамын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округ әкімі                        Г.Дуйсенбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады