Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңы 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес және ауыл тұрғындарының ұсынысы мен пікірін ескере отырып ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. Майлыкент ауылдық округіне қарасты:
1) Т.Рысқұлов ауылы «Жанкент» мөлтек ауданындағы аты жоқ 1-ші көшеге Нұрғали Сарыбековтың, 2-ші көшеге Хамытбек Ахметовтың, 3-ші көшеге Әбдіғаппар Махмутовтың, 4-ші көшеге Жайлаубек Пралиевтың, 5-ші көшеге Келімбет Серғазиевтың аттары берілсін.
2) Т.Рысқұлов ауылындағы жаңадан ашылған көшеге Абай аты берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өз құзыретіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Ауылдық округ әкімі А.Айтбаева